428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Калифорнияда бір түннің ішінде 11 мың гектар орман күлге айналды

  • 104
  • UPD: 14:20, 29.09.2020
Калифорнияда бір түннің ішінде 11 мың гектар орман күлге айналды

Калифорниядағы алапат өрман өрті Сан-Францисконың солтүстіндегі екі бірдей елді мекенге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызыл жалынның салдарынан Напа мен Сономо аудандарының қосымша 11 мың гектар алқабы күлге айналды. Мыңдаған тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп, жүздеген тұрғын ұйлер отқа оранды. Мамандардың айтуынша, өткір желдің салдарынан тілсіз жаудың екпіні сағатына 65 шақырымға дейін жеткен. Сондай ақ өрттің күшеюіне көршілес жатқан Санта Роса елді мекеніндегі үйлердің өртенуі себеп болды. Қазіргі кезде өрт сөндірушілер елдің бірнеше батыс штаттарында орын алған жүзге жуық орман өртімен арпалысуда. АҚШ Ұлттық орман басқармасының мәлімдеуінше, бұл ел тарихындағы бұрын-соңды болмаған unprecedented құбылыс. Алайда, биылғы өрттің үлкен масштабқа көшуіне бірнеше фактор әсер етіп отыр. Мәселен, Калифорния, Орегон және Вашингтон штаттарындағы құрғақшылық пен ауа райының температурасы биыл рекордтық көрсеткішке жеткен көрінеді. «Сондай ақ адамның кесірінен орын алатын өрттер де жоқ емес», - дейді мамандар.

Майкл Обраян, ғалым:

- Өрт батыс штаттарының экожүйесіне тән құбылыс. Қазіргі климаттың өзгеруі де өрттің таралуына қолайлы жағдай жасап отыр деуге болады. Тағы бір себеп, адамдардың көптеп орман алқаптарына жақын жерге көше бастауы. Мысалы 1992 мен 2015 жылдар аралығында 32 миллионға жуық үй орманға жақын аумақта салыныпты. Бұл дегеніміз, табиғи құбылыстардан бөлек, адами фактордың да әсері көп деген сөз. Өрттің 97%-і адамдардың қолынан болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы