432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Воронеж маңындағы орман өртінен 150 гектар алқап жанып кетті

  • 134
  • UPD: 14:31, 29.09.2020
Воронеж маңындағы орман өртінен 150 гектар алқап жанып кетті

Ресейдің Воронеж қаласының маңында жексенбі күні басталған орман өрті тез тарап, 150 гектар жер тып-типыл жанып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өртті сөндіруге 70-тен астам маман жұмылдырылып, 20 техника қолданылылды. Алайда желдің кесірінен жалынды бірден бақылауға алу мүмкін болмаған. Салдарынан бірнеше ауылды өрт шарпыған. Табиғи апаттан жапа шекккендер туралы ақпарат жоқ. Воронеж Төтенше жағдай қызметінің хабарлауынша, қазір жалын толықтай өшірілген. Оттың неден тұтанғаны белгісіз. Оған өңірде жаз айларында аптап ыстық себеп болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы