Польшаның Зелена-Гура қаласындағы лицей оқушысы үш қызға пышақ сұғып алды.
«Таңғы сағат 9:00-де 17 жастағы лицей оқушысының басқа сыныптың үш оқушысына пышақпен шабуылдағандығы туралы хабар түсті. Екі оқушының арқасы, тағы біреуінің қасы жарақаттанған. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», - делінген.
Шабуыл жасаған оқушы қыз ұсталып, полицияға тапсырылды. Оның не себепті мұндай қадамға барғаны белгісіз. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.