428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирусты өте жылдам анықтайтын арзан тест ойлап табылды

  • 113
  • UPD: 16:48, 29.09.2020
Коронавирусты өте жылдам анықтайтын арзан тест ойлап табылды

Коронавирусты 15-30 минут ішінде анықтайтын жаңа экспресс-тест ойлап табылды.

Оның бағасы шамамен 5 доллар тұрады, деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебреисус.

Жаңа тест, әсіресе, медициналық кадрлар мен зертханалардың жетіспеушілігінен зардап шегетін кедей елдерде аурудың өсу жылдамдығын бақылауға көмектеседі.

Аталған тестті Abbott және SD Biosensor компаниялары шығарады. Олар 133 кедей елге жылына 120 миллион тест шығарады. Кәсіпорынды Билл Гейтстің қайырымдылық қоры қаржыландырады.

Хабар 24 телеарнасы