428,05 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда бубон обасының шығуына байланысты төтенше жағдай жарияланды

  • 212
  • UPD: 08:19, 30.09.2020
Қытайда бубон обасының шығуына байланысты төтенше жағдай жарияланды

Қытайда бубон обасын жұқтыру дерегі тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты елдің кейбір өңірлерінде төтенше жағдай режимі жарияланды. Белгілі болғандай, ауру Юньнань провинциясында анықталған. Оны 3 жасар бала жұқтырыпты.

Айта кетейік, осы айдың басында аймақта егеуқұйрықтар жаппай ауырған еді. Сондықтан жергілікті билік оба ауруының алдын алу үшін шаралар қабылдап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы