432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: Нидерландтың 3 қаласында ахуал күрделі

  • 120
  • UPD: 08:19, 30.09.2020
COVID-19: Нидерландтың 3 қаласында ахуал күрделі

Нидерланд билігі коронавируспен күреске қатысты жаңа шектеу шараларын енгізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айтуларынша, қазір елдің ең ірі 3 қаласында ахуал өте күрделі. Осыған байланысты мейрамханалар мен кафе-барлардың жұмыс уақыты қысқарады. Ал кеңсе қызметкерлері қашықтан жұмыс істеу режиміне көшеді. Бұдан бөлек, барлық спорттық іс-шара жанкүйерсіз өтетін болды. Қабылданған шаралар кемінде 3 апта бойы жалғасады.

Марк Рютте, Нидерланд премьер-министрі:

– Вирус өте жылдам тарап жатыр. Қызыл аймақ қатарына жатқызылған өңірлер саны артып келеді. Осыған байланысты біз бүкіл ел бойынша шектеу шараларын енгізіп, вирустың таралуын тоқтатпақпыз.

Хабар 24 телеарнасы