432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та ұшақтарды сертификаттау жүйесін өзгерту ұсынылды

  • 135
  • UPD: 08:20, 30.09.2020
АҚШ-та ұшақтарды сертификаттау жүйесін өзгерту ұсынылды

АҚШ конгрессмендері «Boeing 737 MAX» моделіндегі екі лайнер апатынан кейін ұшақтарды сертификаттау жүйесін өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Өкілдер палатасының көлік және инфрақұрылым комитеті хабарлады. Жаңа заң жобасына сәйкес, өндіруші компаниялар тиісті органдарға маңызды ақпараттың бәрін ұсынып отыруы қажет. Бұдан бөлек, заңды бұзғандарға қарсы құқықтық жауапкершілік жағы да қатаңдатылмақ. Аталған құжат шамамен 30 тараудан тұрады.

Айта кетейік, «Boeing 737 MAX» ұшағының алғашқы апаты 2018 жылдың қазанында болған еді. Кейін араға 5 ай салып, осы модельдегі екінші лайнер де құлап, 346 адам қаза тапты.

Хабар 24 телеарнасы