427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мұнай дәуірінің қашан аяқталатыны болжанды

  • 252
  • UPD: 12:17, 30.09.2020
Мұнай дәуірінің қашан аяқталатыны болжанды

Француздың Total мұнай-газ компаниясы 2030 жылдан кейін мұнай дәуірінің аяқталатынын болжады, деп хабарлады Bloomberg.

Total сарапшылары әлем біртіндеп экологиялық таза энергия көздеріне, атап айтқанда табиғи газға көшетініне сенімді. Компанияның айтуынша, отынның бұл түрі әлемдік нарықта шешуші рөл атқарады.

Сондай-ақ 2050 жылға қарай электр энергиясына деген сұраныс едәуір өседі. Ол адамзаттың энергияға деген қажеттілігін 40% дейін жабады. Қазіргі уақытта оның үлесі шамамен 20% құрайды.

Хабар 24 телеарнасы