432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Walt Disney 28 мың қызметкерін қысқартады

  • 128
  • UPD: 13:49, 30.09.2020
Walt Disney 28 мың қызметкерін қысқартады

АҚШ-та Walt Disney компаниясы індетке байланысты 28 мың қызметкерін қысқартады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара Диснейленд парктерінде қамтылған қызметкерлерге қатысты болмақ. Қысқартуға негізінен Флорида мен Калифорниядағы ойын-сауық орындарында жартылай жұмыс істеп келген қызметкерлер ұшырағалы отыр. Бірақ компания оларға көп әлеуметтік жеңілдік жасауға ниетті. Айта кетейік, коронавирус індетіне дейін Диснейленд парктерінде 100 мыңнан аса адам жұмыс істеген. Бірақ вирустан бұл ойын-сауық орындары жабылып, бірлестік көп шығынға батқан.

Хабар 24 телеарнасы