427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йоркте бастауыш мектептер қайта ашылды

  • 120
  • UPD: 13:52, 30.09.2020
Нью-Йоркте бастауыш мектептер қайта ашылды

Нью-Йоркте бастауыш сынып оқушылары мектепке оралды. Шаһарда төменгі сыныптардың ашылуы екі рет кейінге шегерілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дегенмен жергілікті билікті індетпен байланысты жағдай алаңдатып отыр. Аймақта соңғы бір тәулікте 2 мың адамнан вирус анықталған. Осыған байланысты оқушалардың ата-аналарына онлайн оқу жүйесі де ұсынылып, оны отбасылардың 48 проценті таңдап алған.

Расшард Каррут, жергілікті тұрғын:

– Мені індеттің беті қайтпай, әлі таралып жатқаны алаңдатады. Сондықтан балама бетпердеңді шешпей, барынша абай бол деп үнемі ескертемін.

Ал Испанияда дәрігерлер үшінші күн қатарынан ереуілдетіп жатыр. Медицина қызметкерлері биліктен жалақыны көтеріп, еңбек жағдайын жақсартуды талап етуде. Ал Пиреней түбегінде індеттің таралуы күшейген. Елде соңғы бір тәулікте 9 мыңнан аса адам вирусты жұқтырып алды. Жергілікті мамандар корольдіктің денсаулық сақтау жүйесі коронавирустың екінші толқынына төтеп бере алмауы мүмкін деп алаңдап отыр.

Хабар 24 телеарнасы