427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда індетке байланысты жаңа шектеулер енгізілді

  • 110
  • UPD: 13:52, 30.09.2020
Германияда індетке байланысты жаңа шектеулер енгізілді РИА Новости

Германияда мейрамхана мен дәмханаларда жалған ақпарат тастағандарға айыппұл салатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кей мейрамханада індеттің таралуы болған соң дәрігерлер көрсетілген ақпарат бойынша науқастарды таба алмай қалған кездер тіркелген. Енді осындай жалған мәлімет берген үшін әр азамат 50 еуро айыппұл төлейді. Берлинде 500 еуро. Ал Шлезвиг-Гольштейн билігі оның көлемін 1 мың еуроға дейін жеткізген. Бұдан бөлек, елде отбасылық той-думандарға қатысатын адамдардың санын шектеу қарастырылып жатыр. Оған жақында отбасылық мейрамнан кейін адамдардың вирусты жаппай жұқтыру оқиғасы себеп болды.

Ангела Меркель, Германия канцлері:

– Елде екінші рет жалпыұлттық карантин енгізбеу үшін індетті аймақтық деңгейде бақылауды күшейтуіміз керек. Қазір вируспен күресте мол тәжірибеміз бар. Жазда кеселдің таралуы бәсеңдегенімен, қыста жағдай нашарлауы мүмкін. Қазір қалаларда індеттің қайта күшеюі алаңдатады. Бірақ вирусқа қарсы күресте дұрыс шаралар қабылдасақ, оны жеңетінімізге сенімдімін.

Хабар 24 телеарнасы