427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: Брюссельде шектеулер қайта қатаңдатылды

  • 98
  • UPD: 13:50, 30.09.2020
COVID-19: Брюссельде шектеулер қайта қатаңдатылды

Брюссельде індеттің таралуының күшеюіне байланысты жаңа шектеулер енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара бір апта бұрын елдің Қауіпсіздік кеңесінің ел аумағында карантинді жеңілдету туралы шешіміне қарамастан қабылданды. Оған шаһарда вирусты жұқтырғандар санының өсуі себеп. Өйткені соңғы екі аптада елде күн сайын 1 жарым мыңнан астам адам вирусты жұқтырса оның үштен бірі Брюссельде тіркелген. Бұл өзге аймақтарға қарағанда екі есе артық. Осыған байланысты сауда орталығы мен дүкендерден бөлек көшеде кісі көп жиналатын жерлердің бәрінде бетперде тағып жүру мінедеттелді. Тәртіпті бұзғандар 150 еуро көлемінде айыппұл төлейді. Бұдан бөлек, Мейрамхана мен дәмхана және дүкендердің жұмыс істеу сағаты азайтылды.

Анна, Брюссель қаласының тұрғыны:

– Менің ойымша, адамдар қазіргі жағдайға бейімделіп, тазалыққа үлкен мән беруі тиіс. Әлеуметтік арақашықтықты сақтап, міндетті түрде бетперде тағып жүру керек. 

Тьери, Брюссель қаласының тұрғыны:

– Көшеде, адам көп жиналатын жерлерде бетперде таққан дұрыс. Десе де қала сыртына итпен серуендеуге шыққанда бетпердесіз жүруге болады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы