428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Армения Таулы Карабахтың дербестігін мойындауы мүмкін

  • 347
  • UPD: 19:20, 30.09.2020

Ресейлік ақпарат құралдарының тілшілеріне жауап берген Армения премьер-министрі осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Никол Пашинян бүгінде басты міндет – ел мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін ерекше айтып кетті. Ал Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымы аясындағы өзара әрекеттесу жөніндегі сұраққа премьер: «қазіргі тұста Армения әскері қауіпсіздікті өз күшімен қамтамасыз ете алады», деп жауап берді.

Никол пашинян, Армения премьер-министрі:

- Күн тәртібімізде Таулы Карабах дербестігін Армения тарапының мойындауына қатысты сауал бар екенін жариялаған болатынбыз. Армения және Таулы Карабах арасында стратегиялық ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қоюды да қарастырып отырмыз. Кеше Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымының алаңында қазіргі жағдай талқыға салынды. Біз еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиісті барлық шараны қабылдаймыз. Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымының бұған қатысу-қатыспауыбұл бөлек мәселе. Біз қалыптасқан жағдайға байланысты және геосаяси тұрғыдан барлық мүмкіндікті талқылап жатырмыз. Армения қарулы күштерінің ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қауқары жетеді және біз үндеу жасайтындай жағдайға жеткен жоқпыз деп санаймыз.

Армения және Әзербайжан тараптары жағдайдың ушығуына бір-бірін айыптап отыр. Таулы Карабах өңіріндегі қақтығыстар 4 күн бойы жүріп жатыр. Ондаған адам қаза тауып, жүздегені жараланғаны туралы хабарланды. Таяуда Ресей телеарнасына сұхбат берген Әзербайжан президенті Ильхам Алиев Түркияның бұл жанжалға қатысуын жоққа шығарды.

Ильхам Алиев, Әзербайжан президенті:

- Отыз жылдай Әзербайжан жерін басқан Армения халықаралық құқықты өрескел бұзып отыр. Түркия қарулы күштерінің F-16 ұшақтары әскери қимылға қатысқан жоқ. Заманауи технологияларды ескерсек, мұны жасыру қиын. Спутниктерден бақылау бар. Сондықтан бұл кезекті арандатушылық екенін анықтау оңай.

Таулы Карабах үшін Ереван мен Баку арасындағы текетірес 30 жыл бойы жалғасып келеді. Тұрғындарының дені армяндар Карабах 1991 жылы Әзербайжаннан тәуелсіздігін жариялаған болатын. Осыдан кейін аймақта қақтығыс басталып, тек 1994 жылы Ресейдің араағайындығымен Әзербайжан, Армения және дербестігін жариялаған Таулы Карабах атысты тоқтату келісіміне қол қойды.

Хабар 24 телеарнасы