428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда «Алтын апта» алдында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

  • 115
  • UPD: 18:57, 30.09.2020

Қазанның бірінде Қытайда республиканың құрылу күні атап өтіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мейрамға орай ел тұрғындары қатарынан 8 күн демалады. «Алтын апта» деп аталатын осы кезде еңбек мигранттары әдетте ауылдарына барып қайтады. Ал қалғандар елді аралап, саяхат жасайтын. Биыл осы мерзімде 550 миллион саяхат жасалады деген болжам бар. Биыл Шығыс күнтізбесі бойынша күз ортасы мерекесі де 1 қазанға келіп тұр. Үкімет осы атаулы күндер тоқырап қалған туризм саласына демеу беретініне үмітті.

Мейрам кезінде өзге қалаға бару үшін денсаулық кодын жүктеу қажет. Бұл бағдарлама адамның жүріс-тұрысын бақылайды. Егер коронавируспен ауырған адаммен байланысқа түссе немесе індет қаупі жоғары аймақтарға барса, ұялы қосымша бәрін жазып алады. Жасыл түсті код бәрі дұрыс дегенді білдіреді. Ал сарғайса, қоғамдық орындарға жібермеуі де мүмкін. Дүкен, мейрамхана, әуежай, саябақ пен өзге де қоғамдық орындар алдында міндетті түрде адамның дене қызуын өлшейді. Індет жұқтырып алудан қауіптенгендер жалғыз саяхаттағанды жөн көреді, я болмаса, жеке автокөлікпен сапарлайды. Биыл автоүй деп аталатын көлік түрін жалға алатын туристер саны күрт артқан.

Фэн Шань, автоүйлерді жалға беретін компанияның директоры:

- Жеті күндік саяхат Юньнань және Гуйчжоу өңірлерін қамтыған. Юньнань провинциясы әсем табиғатымен халыққа танымал.

Топпен де саяхат жасауға болады, бірақ адам саны шектеулі. Әр өңір туристерді көптеп тартуға барын салып, түрлі жеңілдік ұсынуда. «Алтын аптаға» әуежайлар да дайындалып жатыр. Мәселен мейрам кезінде Бейжің әуежайы 3 миллиондай жолаушыны қабылдайды.

Ли Ян, «Шоуду» халықаралық әуежайының менеджері:

- 28 қыркүйек пен 11 қазан аралығында әуежайымыз 14300 рейс қабылдайды. Күніне бір мыңнан аса ұшақ қонады. Жалпы 2 миллион 180 мың жолаушыны күтеміз, күніне 150 мыңнан аса адам келіп тұрады.

Әуежайлардағы қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Дене қызуы көтерілген жолаушылар бірден оқшауланады. Жалпы халықтың дені биыл алысқа бармай-ақ қала сыртындағы қонақ үйлерді немесе ауыл тұрғындарының үйін жалдап демалмақ. Бір апталық мейрамда шаһарда қалатындардың да іші пыспайды. Олар жаңа фильмдер мен театр қойылымдарын көре алады.

Авторлары: Ботагөз Сырғабаева, Айгерім Сүлейменова

 

Хабар 24 телеарнасы