Мәскеуде коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасын сынақтан өткізудің екінші кезеңі басталды.
Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлады. Аймақта еріктілерге екпе жасау басталып кеткен. Қазірге дейін оны 6 адам қабылдап үлгерген. Алдағы уақытта жаңа дәрі тағы 20 кісіге егілмек.
Айта кетейік, ресейлік вакцинаны еріктілер араға 21 күн салып, екі рет қабылдайды.