432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Чехия жалған ақпарат таратушылармен күресті күшейтті

  • 160
  • UPD: 22:35, 30.09.2020
Чехия жалған ақпарат таратушылармен күресті күшейтті

Өйткені біздің ел тәрізді бұл мемлекет те әжептәуір шығын көріп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, таяуда коронавирусқа қарсы екпенің зияны туралы алыпқашпа әңгіме тараған. Енді дәрігерлер теледидар арқылы сөз сөйлеп, профилактикалық жұмыстар жүргізіп, жұртты сабырға шақырып жатыр.

Мамандар ғаламторда тарап жатқан ақпаратты тексеріп, ең көп айтылып жүрген қауесеттің тізімін жасаған. Сөйтіп, бұл рейтингте ең қызу талқыланатын тақырыптардың бірі коронавирус болып шыққан. Мәселен, күн сәулелерінің індетпен күрестегі тиімділігі жайлы көп жазылған. Ал жұрт жаппай жағажайға лап қойған. Салдарынан бұл вирустан қорғамай, керісінше, ауруды жаппай жұқтыруға әкеп соқтырған. Желіде сондай-ақ «вирус XXI ғасырдың обасы, оны жеңіп шығу мүмкін емес, сол себепті шектеу шарларының еш қажеті жоқ», деген алыпқашпа әңгімелер көп айтылған. 

Филип Мяновски, эпидемиолог:

- Ғаламтордағы жалған ақпаратқа әсіресе, жастар жағы көп алданып қалады. Өйткені олар үйде отырудан жалығып, карантиннен шығу туралы түрлі әңгімелерге сенеді. Оның үстіне жастар кісі көп жиылатын жаппай шараларды ұнатады. Ал бұл вирусты жұқтыру қаупін арттыратыны түсінікті.

Осылайша, дәрігерлер, заңгерлер мен әлеуметтік қызмет өкілдерінен қажетті ақпарат жиналып, полиция негізінде жеке бөлімше құрылды. Ол коронавирусқа қатысты қауесетпен күреседі. Топ құрамына тәртіп сақшыларымен қатар IT саласының мамандары да кірген. Олар желідегі ақпаратты тексеріп, оның жалған екенін дәлелдейтін дәйектер мен мамандардың мәліметін келтіреді.

Радим Рагар, полицей:

- Біз желіде жалған ақпарат таратқан жүзге жуық адамды таптық. Арасында тек Чехия аумағында ғана емес, шетелде де жүргендер де бар. Бұл негізінен жеткіншектер мен студенттер. Бірақ қатарында тәжірибелі интернет-қылмыскелер де бар. Олар жалған ақпаратты қасақана таратқан. Бұл азаматтағра қатысты мәлімет сотқа жіберіледі. Ал қалғандарымен тек профилактикалық әңгімелесу ғана жүргіздік.

Полицейлерге белсенділер тобы да көмектесе бастаған. Олар ауылдар мен қаттар үйіне барып, түсініктеме жұмыстарын жүргізеді. Алдағы уақытта полицейлер ескерту ретінде хакерлер арасында да рейд жүргізуді жоспарлап отыр.

Авторлары: Жұлдыз Атагельдиева, Александр Грэс, Дмитрий Лукша, Павел Невид

Хабар 24 телеарнасы