427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытай вакцинаны арзан бағаға сатады

  • 172
  • UPD: 08:58, 01.10.2020
Қытай вакцинаны арзан бағаға сатады

Коронавирусқа қарсы қытайлық вакцина дамушы елдерге қолжетімді болады. Бұл туралы Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі хабарлады.

Айтуынша, аспанасты еліндегі вакцина еуропалық немесе американдық препараттан қымбат болмайды. БАҚ өкілдерінің осыған қатысты айтқан мәлімдемесі еш негізсіз екен. Сондай-ық дипломаттың сөзінше, қазір Қытай жаңа дәріні жасау мерзімін мейлінше жылдамдату үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Зерттеу жұмыстары аяқталысымен жаңа дәрі бірден жаппай өндіріске жіберілмек. Алайда әзірге вакцинаның құны қалай түзілетіні белгісіз екен.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қытайда коронавирусқа қарсы 11 препарат сынақтан өтіп жатыр.

Ван Вэньбинь, Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- Қытай қашан да өз сөзіне берік. Қазіргі уақытта әлемде көптеген ел вакцина әзірлеу ісімен айналысып жатыр. Бірақ оның бағасын белгілеу жағы әлі де шешілген жоқ. Бір айта кетерлігі, Қытай өз вакцинасын жаһандық қоғамдық игілік ретінде ұсынып, қолжетімді бағамен сатады. Бірінші кезекте ол дамушы елдерге жеткізіледі.

Хабар 24 телеарнасы