427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парижде қуатты жарылыстың дыбысы жұрттың жүрегін ұшырды

  • 104
  • UPD: 08:39, 01.10.2020
Парижде қуатты жарылыстың дыбысы жұрттың жүрегін ұшырды AFP

Парижде тапа-тал түсте әуеден қуатты жарылыстың дыбысы естіліп, халықтың жүрегін ұшырды.

Артынша алаңдаулы жұрт не болғанын сұрап, твиттерге жарыса жазды. 

Париждіктердің айтуынша, жарылыстан жер дірілдеп, терезенің әйнегі сына жаздаған. 

Қала тарихында болған террорлық шабуылдардан қорқып қалған жұрт тіпті «қайтадан лаңкестер лаң салып жатыр» деп ойлап қалыпты.

Дүрліккен жұртты тыныштандыру үшін полиция арнайы мәлімдеме жасады.

Сөйтсе, бұл жойғыш ұшақ жасаған дыбыстық соққы болып шықты. Оқиға барысында жолаушылар мінген шағын ұшақ адасып кетіп, диспетчермен байланысқа шықпай қалған. Хабарсыз кеткен әуе көлігін іздестіруге жойғыш ұшақ аттанған. Ал әскери болып саналатын бұл ұшақ Париж секілді ірі мегаполистің әуе кеңістігіне енген кезде арнайы дыбыстық соққы беруге міндетті екен. Сол себепті бұл қуатты жарылыс емес, заманауи әуе көлігіндегі құрылғыдан жасалған дыбыстық соққы болып шықты.

Бұл оқыс оқиға қалада өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирін де жаңғырықтырды. Мұнда теннисшілер Вавринка мен Кепфер бақ сынасып жатқан кезде жарылыс естіліп, елең еткен спортшылар бір сәтке мүдіріп қалды.

thelocal.fr

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы