427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британияның жалпы ішкі өнімі құлдырады

  • 81
  • UPD: 09:29, 01.10.2020
Британияның жалпы ішкі өнімі құлдырады

Ұлыбританияда жалпы ішкі өнімнің тоқсандық көрсеткіші соңғы 65 жылда болмаған деңгейге төмендеді.

Нақтырақ айтсақ, ағымдағы жылдың екінші тоқсанында ел экономикасы шамамен 20 процентке қысқарған. Ұлттық статистика бюросы жуырда осындай дерек келтірді. Осыған байланысты британ экономикасы қазір рецессияны бастан кешіріп отыр. Корольдіктің мұндай ахуалға тап болуы ең алдымен ел билігі енгізген шектеу шараларымен байланысты. Себебі соның кесірінен Британияда өндіріс тоқтап, бірқатар сала зор шығынға батты.

Хабар 24 телеарнасы