430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бельгияда жаңа үкімет құруға екі жылға жуық уақыт кетті

  • 118
  • UPD: 09:01, 01.10.2020
Бельгияда жаңа үкімет құруға екі жылға жуық уақыт кетті

Бельгияда 2 жылға жуық уақыт бойы тұрақты үкімет болған жоқ. Бұл ел министрлер кабинетін жасақтау мерзімі бойынша жаңа әлем рекордын орнатты.

Ақыры 21 айға жалғасқан саяси дағдарыстан кейін федералдық үкімет құрылды. Билік басындағы коалицияға 7 партияның өкілі кірді. Жаңа премьер-министр болып Александр де Кроо тағайындалды. Саяси дағдарыс бұрынғы премьер-министр БҰҰ-ның миграция жөніндегі жаһандық Келісіміне қол қойғаннан кейін басталды. Бұған наразы министрлер коалиция құрамынан шыққан болатын. Бельгия королі  Шарль Мишельге 2019 жылғы парламенттік сайлауға дейін бұрынғы қызметін атқаруды тапсырған еді. Алайда сайлаудан кейін де жаңа коалиция құру туралы келіссөздер тығырыққа тірелді. Саяси партиялардың ешқайсысы ең көп дауыс жинаған Фламандияның радикалдарымен одақ құрғысы келген жоқ. 

Александр Де Кроо, Бельгия премьер-министрі:

- Соңғы тәуліктерде күні-түні жұмыс істедік. Ақыры ұзақ уақыт ешкімнің қолынан келмеген іс атқарып, федералдық үкімет құрдық. Халықтың көбі бұған сенімсіздікпен қарайтынын түсінемін. Алдымен жұмысының жемісін көрейік дейді. Дұрыс бағыт таңдап, тынбай еңбек ететінімізді дәлелдеуіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы