432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда мектептер мен кинотеатрлар ашылатын болды

  • 171
  • UPD: 09:45, 01.10.2020
Үндістанда мектептер мен кинотеатрлар ашылатын болды

Үндістан үкіметі 15 қазаннан бастап мектептер мен колледждерді, сонымен қатар кинотеатрлар мен ойын-сауық парктерін ашуға рұқсат берді.

Бұл туралы Times of India хабарлады.

«Қашықтан оқытуға әлі де рұқсат етілген. Сабаққа қатысу мәжбүрлі түрде емес, ата-аналардың рұқсатымен болады», - делінген хабарламада.

Дегенмен 65 жастан асқан адамдар, жүкті әйелдер мен созылмалы аурулары бар адамдар үшін карантиндік шектеулер өз күшінде қалмақ.

Үндістанда коронавирустық инфекцияның 6 225 763 жағдайы анықталды. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің соңғы есебіне сәйкес 97 497 адам аурудан қайтыс болды. Үндістан инфекцияны жұқтырғандар саны бойынша АҚШ-тан кейін екінші, өлім-жітім жағынан АҚШ пен Бразилиядан кейін үшінші орында тұр.

Хабар 24 телеарнасы