432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та жойғыш ұшақ құлады

  • 125
  • UPD: 10:09, 01.10.2020
АҚШ-та жойғыш ұшақ құлады

Калифорния аспанында америкалық F-35B жойғышы жанармай құюшы ұшақпен соқтығысып апатқа ұшырады.

АҚШ-тың теңіз жаяу әскері ұшқыштың катапульталанып үлгіргенін айтады. Ал жанармай құюшы ұшақ әуежайы маңына қонып үлгеріпті. Ондағы экипаж мүшелері дін аман. Апат Эль-Сентро базасы маңында болған.

Айта кетейік, бұған дейін мамыр айында да дәл осы F-35 жойғышы қону кезінде апатқа ұшыраған еді. Ол кезде де ұшқыш кемеден түсіп үлгірген.

Хабар 24 телеарнасы