428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лондонда Гарри Поттердің ескерткіші орнатылды

  • 86
  • UPD: 10:51, 01.10.2020
Лондонда Гарри Поттердің ескерткіші орнатылды

Лондон орталығында британдық жазушы Джоан Роулингтің кітаптар сериясындағы сиқыршы Гарри Поттерге ескерткіш орнатылды.

Ескерткіш поляк мүсіншісі Анджей Шимчикке тиесілі. Ол Поттердің сыпырғыш таяқпен ұшып бара жатқанын кескіндеген. Қола мүсін жасырын тіректің арқасында ауада қалқып тұрғандай әсер қалдырады.

Сонымен қатар ескерткіш орнатылған Лестер алаңына жақын жерде «Одеон» кинотеатры бар, ол жерде 2001 жылы «Гарри Поттер және сиқыршы тас» фильмінің алғашқы тұсаукесері көрсетілген.

Гарри Поттер туралы алғашқы кітап 1997 жылы жарық көрді және жас сиқыршы туралы жеті хикаяның бірі болды. Барлық бөлімін Warner Bros экранизациялаған.

Хабар 24 телеарнасы