429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде second hand киімінің нарығы құлдырады

  • 152
  • UPD: 10:49, 01.10.2020
Әлемде second hand киімінің нарығы құлдырады

Коронавирус індеті секонд хэнд киімдері саласына да кері әсерін тигізіп жатыр. Ескі киімдерді экспорттаушы компаниялар өз тауарларын Африка, Латын Америкасы мен Шығыс Еуропа елдеріне жеткізу үшін бағаны түсіруге мәжбүр. Алайда соның өзінде тауар тасымалындағы іркіліс пен сұраныстың аздығына байланысты қоймаларда тонналаған тауар жиналып қалған.

Айта кетейік, БҰҰ дерегіне сай, соңғы 5 жылда қолданыста болған киімнің әлемдік экспорты 4 миллиард доллардан асқан.

Антонио Де Карвальо, компания иесі:

- Біз локдаун кезінде киімдерімізді сата алмай қалдық. Соған байланысты Еуропада тіпті әлем бойынша секонд хенд нарығы құлдырап кетті. Қазір тауардың бәрі қоймаларда сақтаулы тұр.

Хабар 24 телеарнасы