432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Amazon төлем жасаудың жаңа жүйесін енгізді

  • 101
  • UPD: 11:07, 01.10.2020
Amazon төлем жасаудың жаңа жүйесін енгізді

Amazon компаниясы төлем жасау үшін Amazon One деп аталатын жаңа биометриялық технологияны енгізді.

Аталған жүйенің арқасында сатып алушылар дүкенге кіріп, алақанын сканерге қою арқылы төлем жасай алады.

Пайдаланушылар биометриялық ақпаратты алдымен несие картасымен байланыстыруы керек. Содан кейін ғана жаңа технология қолжетімді болады.

Компанияның оффлайн сауда-саттық жөніндегі вице-президенті Дилип Кумар құпиялылық туралы сұраққа жауап берді. Айтуынша, жүйе тұтынушының не сатып алғанын және қанша ақша жұмсағанын емес, тек қай жерден сатып алынғанын қадағалайды.

«Құпиялылық тұрғысынан алғанда алақан суреттері Amazon One құрылғыларында сақталмайды. Пайдаланушылар жүйені қолданғаннан кейін өздерінің биометриялық деректерін жоюды талап ете алады», - деді Кумар.

Хабар 24 телеарнасы