428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Словакияда төтенше жағдай енгізілді

  • 95
  • UPD: 11:59, 01.10.2020
Словакияда төтенше жағдай енгізілді

Еуропада коронавирус індетінің күшеюіне байланысты бірқатар ел шектеулерді қайта қатаңдатып жатыр. Словакия астанасы Братиславада 45 күнге төтенше жағдай енгізілді.

Тәртіпке сай үйлену тойынан басқа барлық отбасылық мереке-жиынға тыйым салынды. Мейрамхана мен дәмханалардың жұмыс уақыты қысқарып, дүкендерде бетперде тағып жүру міндеттелді. Ал Чехияда төтенше жағдай  қазанның 5-інен бастап 1 айға енгізілмек. Үкімет індеттің таралуын бәсеңдету үшін осындай шешім қабылдаған. 

Роман Примула, Чехия денсаулық сақтау министрі:

- Төтенше жағдай елде эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты енгізіліп отыр. Чехия соңғы кездері вирусты жұқтырғандар саны күрт өскен мемлекеттер қатарына қосылды. Бірақ төтенше жағдай көктемде болған шектеулерді қайта енгізу дегенді білдірмейді. Ол тек індетпен тиімді күресу үшін қабылданады. 

Испания үкіметі де ел астанасы Мадрид қаласын жартылай оқшаулау туралы шешімге келді. Оған сай қала тұрғындарының жүріп тұруы шектеліп, мейрамхана мен дәмханалардың жұмыс уақыты қысқартылады. 6 адамнан артық жиналуға тыйым салынған. Ал соңғы тәулікте Мадридте 4 мыңнан астам адам вирусты жұқтырып алған. Билік шаһарда дерттің таралуы Еуропаның өзге қалалырнан әлдеқайда жоғары екенін айтады.

Хабар 24 телеарнасы