428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп пен Байден пікірсайысы ұрыс-керіске айналды – Сарапшы

  • 117
  • UPD: 13:43, 01.10.2020
Трамп пен Байден пікірсайысы ұрыс-керіске айналды – Сарапшы

АҚШ-та президенттікке үміткер Дональд Трамп пен Джо Байденнің пікірсайысын 73 млн адам көрген. Nielsen зерттеу қызметінің дерегі осындай.

Пандемияға байланысты пікірсайыс онлайн режимде өтті. Американың 16 телеканалы арқылы дебат тікелей эфирде таратылды. Мамандардың айтуынша, аудитория 2016-шы президенттік пікірсайыспен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Ол кезде Трамп пен демократтар атынан сайлауға түскен Хиллари Клинтонның пікірсайысын 83 млн адам тамашалаған екен. Жалпы алғашқы жарыссөзден соң сарапшылар Байденді қолдаушылар көптігін айтады. Десе де, пікірсайысқа көпшілігінің көңілі толмаған.

Дэвид Баркер, сарапшы:

- Бұл ұлттық деңгейдегі масқара болды. Трамп бұл сайлауда өзінің мүмкіндігі төмен екенін біле тұрып, Байденннің сөзін бөліп, балағаттап агрессияға барды. Яғни демократтардың үміткеріне психикалық тұрғыда шабуыл жасау тактикасын қолданды. Бұл саяси деңгейде барып тұрған масқара. Президенттікке үміткер екі адам да елдегі өзекті мәселелерді көтермей, бір-бірін өтірікші деумен болды. Біз конституциялық дағдарыстың шақ алдында тұрмыз.

Хабар 24 телеарнасы