432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Борис Джонсон британдықтарға ескерту жасады

  • 124
  • UPD: 13:25, 01.10.2020
Борис Джонсон британдықтарға ескерту жасады

Ұлыбританияда адамдар қазіргі шектеулерді орындамай індетпен байланысты ахуал нашарласа, қатаң карантин қайта енгізілуі мүмкін.

Премьер-министр Борис Джонсон осылай деп мәлімдеді. Себебі елде вирусты жұқтырғандар саны өскен.

Мәліметке сәйкес, соңғы уақытта Корольдікте күн сайын 7 мыңнан астам адам жұқтыруда. Корольдік вирустан қаза тапқандар бойынша да Еуропада алдыңғы орында. Жалпы бұл елде вирусты жұқтырғандар саны 450 мыңнан асқан.

Борис Джонсон, Ұлыбритания премьер-министрі:

- Елде коронавирустан қайтыс болғандар санының өсуі бізді қатты алаңдатады. Сондықтан осындай маңызды шараларды қабылдадық. Ал азаматтар дертпен күресуге бағытталған барлық шектеулерді орындауы тиіс. Қазан айының соңынан бастап күн сайын 500 мың тест алынатын болады.

Хабар 24 телеарнасы