428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мадридте карантин енгізілді

  • 100
  • UPD: 14:31, 01.10.2020
Мадридте карантин енгізілді

Испания үкіметі коронавирустық жағдайдың нашарлауына байланысты Мадридте карантин жариялады.

Бұл туралы The Guardian елдің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Испанияда соңғы екі аптада тіркелген COVID-19 жағдайларының үштен бірінен көбі Мадридке тиесілі.

Мадрид тұрғындары белгілі себептермен ғана, соның ішінде жұмыс бабымен қаладан кете алады. Сондай-ақ мейрамханалар жұмыс уақытын қысқартып, қоғамдық орындарда алтыдан көп адамның жиналуына тыйым салынған.

Испанияда пандемия басталғалы бері 749 мың адам инфекцияны жұқтырып, 31 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы