428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Калифорниядағы өрт штаттың шарап өндірісіне қауіп төндірді

  • 163
  • UPD: 16:13, 01.10.2020
Калифорниядағы өрт штаттың шарап өндірісіне қауіп төндірді

Калифорнияда орман өрті дес берер емес. Бұл жолы Напа жүзім алқабынан тұтанған жалын үлкен ауқымды шарпып барады.

Өрт шарап шығаратын өндірістің ғана емес, түрлі құрылыстың күлін көкке ұшырды. Қызыл жалынды ауыздықтау үшін өрт сөндірушілерге жүзім алқабының қызметкерлері де көмектесіп жатыр. Напа мен Сонома өңірінің 80 мың тұрғыны эвакуация жөнінде ескерту алды. Бүгінде 80 үй мен 32 нысан қызыл жалынға айналған. Бірнеше шаруашылық та орман өртінен зардап шегіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы