428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Англияда бір реттік пластик заттарды тұтынуға тыйым салынды

  • 129
  • UPD: 09:57, 02.10.2020
Англияда бір реттік пластик заттарды тұтынуға тыйым салынды

Англияның барлық аумағында кейбір бір реттік пластик заттарға тыйым салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солардың қатарында пластик ыдыстар, сұйықтық ішуге арналған түтікшелер мен мақталы таяқшалар бар. Осылайша, ел билігі табиғатқа лақтырылатын пластик қалдықтардың санын азайтпақ екен. Өйткені қоршаған ортаны қорғау департаментінің дерегінше, Англия тұрғындары жыл сайын 5 миллиардқа жуық түтікше мен 80 миллиард мақталы таяқшаны қоқысқа лақтырады екен.

Айта кетейік, аталған заң сәуір айында күшіне енуі керек еді. Алайда індет кесірінен кейінге қалдырылды.

Хабар 24 телеарнасы