429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Брюссельде Еуроодақ саммиті өз жұмысын бастады

  • 106
  • UPD: 09:53, 02.10.2020
Брюссельде Еуроодақ саммиті өз жұмысын бастады

Еуропалық мемлекеттердің басшылары осы басқосуда Түркия және Қытаймен қарым-қатынастары мен Беларусь пен Таулы Карабахтағы жағдайды талқыға салады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі күнге жалғасатын жиында Беларуське қарсы санкциялар енгізу мәселесі дау туғызатын түрі бар. Өйткені Кипр мемлекеті өз аумағына тиесілі Жерорта теңізінде геологиялық барлау жүргізіп жатқан Түркияға да санкциялар салынуы керек деп санайды. Сондай-ақ басқосуда «Брекзиттен» кейін Ұлыбританиямен сауда қатынастарының болашағы талқыланады.

Ангела Меркель, Германия канцлері:

- Еуроодақ Грекия мен Кипрдің Түркиямен арадағы дауын бейбіт шешуге ниетті. Түркиямен жан-жақты қатынас орнаған. Солтүстік Атлантика қорғаныс ұйымындағы одақтасымыз. Қиындығына қарамастан, сындарлы қатынастарды дамыту қажет. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау бойынша Қытаймен ынтымақтастығымыз және бұл елмен инвестициялық келісім басты назарда болады. Алдағы айларда бұл жөнінде ширата түспекпіз.

Эммануэль Макрон, Франция президенті:

- Президент Трамп және перзидент Путинмен Таулы Карабахтағы жағдай жөнінде қолымызда бар мәліметпен бөлісуге келістік. Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Минск тобына мүше елдер ретінде ешбір шарт қоймай, атысты доғаруды талап етеміз. Таулы Карабахта жараланған француз тілшілерін еліне тезірек қайтару үшін қолдан келгенін жасап жатырмыз. Санитарлық ұшақ оларды алып кетуге дайын тұр.

Хабар 24 телеарнасы