428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда егін мерекесін тойлауға шектеулер қойылды

  • 139
  • UPD: 10:45, 02.10.2020

Оңтүстік Кореяда коронавирус алғаш рет мерекелік дәстүрін өзгертті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл елде негізгі ұлттық іс-шаралардың бірі – егін мерекесі Чусокті тойлауға шектеулер қойылды. Бұл күні балалар әдетте ата-аналар үйіне барады. Сондықтан жолдарда көптеген километрлік кептелістер болады. Алайда бүгін кейбір оңтүстіккореялықтар үйде қалып, туыстарын интернет арқылы құттықтауға шешім қабылдады. Президент Мун Чжэ Ин азаматтардан саяхаттардан бас тартуды сұрады. Мемлекет басшысы Чусок мерекесін өз резиденциясында өткізгенін атап өтті. Мерекеге байланысты 28 қыркүйек пен 11 қазан аралығында карантин енгізілді. Бір бөлмеде 50-ден астам, ал ашық ауада жүзден астам адам жинауға тыйым салынды. Түнгі клубтар және басқа 10 түрлі ойын-сауық мекемелер жабылды. Әдетте Чусок кезінде автомобиль жылдам жолдарымен ақысыз жүруге болады. Бірақ биыл адамдарды үйде қалдыру үшін үкімет жолақыны сақтап қалуға шешім қабылдады. Оңтүстік Корея  COVID-19 жұқтырудың күнделікті анықталатын жағдайларын 38-ге дейін қысқартуға қол жеткізді. Алайда 30 қыркүйекте егін жинау мерекесінің бірінші демалыс күндері бұл көрсеткіш үш есе артып, 113-ке жетті.

Ким Чон Ёль, Ансонг қаласының тұрғыны:

- Кореяда біз бүкіл отбасымызбен жылына екі рет жиналамыз – Жаңа жыл мен егін мерекесіне. Бұл жолы, өкінішке қарай, коронавирусқа байланысты үкімет сапарлардан бас тартуға кеңес берді. Сондықтан барлық туысқандар келген жоқ. Қызыммен телефон арқылы сөйлестік. Амал жоқ. COVID-19-дан бүкіл әлем тұрғындары зардап шегіп отыр. Пандемияның тезірек аяқталуын тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы