427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таулы Карабахтағы шиеленіс шешілер емес

  • 228
  • UPD: 10:45, 02.10.2020
Таулы Карабахтағы шиеленіс шешілер емес

Әзербайжан мен Армения билігі оқ атпау туралы ескертулерге құлақ аспаған секілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Франция, АҚШ және Ресей президенттері тараптарды кикілжіңді бейбіт жолмен шешуге шақырды. Ұсыныс әзірше нәтиже берген жоқ. Құрбандар санына қатысты анық ақпарат жоқ. Тараптар бір-бірінің техникасын, әскерін жойғаны туралы нақтыланбаған мәлімет таратып жатыр. Одан бөлек, CNN журналистері отқа май құя түсті. Бұл телеарнаның ақпарына сүйенсек, Түркияны қолдайтын сириялық әскерлер қақтығысқа араласуға дайындалып жатыр-мыс. Десе де, мәлімдемені Түркия билігі жоққа шығарды.

Айта кетейік, Таулы Карабахтағы қақтығыс осымен бесінші күн жалғасып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы