428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шотландияда санитарлық шектеуді бұзған депутат қызметінен босатылды

  • 77
  • UPD: 10:48, 02.10.2020
Шотландияда санитарлық шектеуді бұзған депутат қызметінен босатылды

Шотландияда басқарушы ұлттық партия мүшесі, депутат Маргарет Фаррье өз өкілеттілігін тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі, ол санитарлық шектеу талабын бұзған. Фаррье коронавирус белгілері болғанына қарамасатан, Лондонда өткен парламент отырысына қатасыпты. Депутат денсаулығы сыр берген соң вирусты анықтайтын тест тапсырады. Оқшаулану кезінде жағдайының жақсарғанын айтып, Лондонға пойызбен аттанады. Кейінірек одан коронавирус анықталған. Шенеуніктің бұл қадамын партиялас әріптестері қатаң сынға алып, партия құрамынан шығарып тастады. Енді депутаттан өз еркімен отставкаға кетуін талап етіп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін карантин тәртібін бұзған Шотландияның бас дәрігері де жұмыстан босатылған еді.

Хабар 24 телеарнасы