427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде Иверский шіркеуінің иконасын ұрлағандар ұсталды

  • 95
  • UPD: 12:29, 02.10.2020
Ресейде Иверский шіркеуінің иконасын ұрлағандар ұсталды

Ресейде Валдайдағы шіркеуге ел президенті Владимир Путин сыйлаған иконаны ұрлағандар ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі күдікті қылмыстық топтың мүшесі болып шықты. Ұрланған икона мен алтындардың тең жартысы ұсталған бір қылмыскердің көлікжайынан табылған. Белгілі болғандай, күдіктінің бірі бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған екен.

Еске сала кетейік, Новгород облысындағы Иверский шіркеуінен икона мен алтын бұйымдар 1 қыркүйек күні ұрланған еді. Қылмыскерлер аралға түнде қайықпен жүзіп келген. Қақпанын астын қазып, шіркеуге кірген. Алдағы уақытта табылған әулиенің бейнесі орнына қайтарылады.

Хабар 24 телеарнасы