428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қолдан тоқылған аурухана: 91 жастағы кейуана жұртты таңғалдырды (сурет)

  • 174
  • UPD: 12:37, 02.10.2020
Қолдан тоқылған аурухана: 91 жастағы кейуана жұртты таңғалдырды (сурет) Daily Mail

Қария аурухананы тоқып шығу үшін 34 жіп орамын пайдаланған.

91 жастағы британиялық Маргарет Симен үш ай бойы қолдан шағын госпиталь тоқыған. Knittingale деп аталатын аурухананың «емделушілері» де көп, деп жазады Daily Mail.

Бұл госпитальде 59 фигура болса, олардың ішінде дәрігері мен медбикесі де, науқастары да бар. Ал олардың әрқайсысын тоқу үшін Маргарет шамамен екі сағатын жұмсаған.  

Қолөнер шебері госпитальдің тікұшақ қонатын алаңын да ұмытпаған. Онда науқасты зембілмен көтеріп бара жатқан құтқарушыларды көруге болады.

Автор бұл жобаны Британия ауруханаларының қорына қаражат жинау үшін қолға алған. Кейуана қазірдің өзінде 3600 фунттан астам қаржы жинаған.

Хабар 24 телеарнасы