428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хельсинки көшелеріне робот-тазалаушы шығарылмақ

  • 137
  • UPD: 12:45, 02.10.2020
Хельсинки көшелеріне робот-тазалаушы шығарылмақ

Хельсинки көшлерін сыпырып тазалауға электрлік роботтар шығарылмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жеңіл автокөлік пішіндес құрылғыны финдік инженерлер ойлап тапқан. Аппарат жылдамдығы сағатына 14 шақырымға дейін барады. Қоршаған ортаға зияны жоқ және дыбысы шықпайды. Құрастырушылардың айтуынша, құрылғы алдын ала берілген бағыт бойынша жұмыс істей алады. Және аймақты тани алатын жүйесі бар. Робот бұған дейінгі сынақтардан сәтті өткен. Енді құрылғыны мамандар төмен температурада сынап көрмек.

Айта кетейік, көше тазалайтын роботтарды жаппай өндіру 2021 жылдың соңына жоспарланып отыр. Ал, сатылымға аппарат 2022 жылы шығарылады.

Хабар 24 телеарнасы