428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда туристік аймақта өрт болып, 13 адам көз жұмды

  • 115
  • UPD: 12:49, 02.10.2020
Қытайда туристік аймақта өрт болып, 13 адам көз жұмды

Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясында туристік аймақтағы өрттен 13 адам қаза тапты.

Сондай-ақ оқиғадан 15 адам зардап шеккен, деп хабарлады Синьхуа. Мәліметтер бойынша зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді және олардың жағдайы тұрақты.

Өрт Тайюань қала округіндегі Сяошаньян ауылындағы Тайтайшань туристік аймағында қар мүсіндері қойылған көрме залында шыққан.

Өрттің шығу себептері бойынша тергеу басталды.

Хабар 24 телеарнасы