425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Армения Израильдегі елшісін қайтарып алды

  • 317
  • UPD: 12:50, 02.10.2020
Армения Израильдегі елшісін қайтарып алды

Армения Сыртқы істер министрлігі Израильдегі елшісін кеңес жүргізу үшін Ереванға қайтарып алды.

Бұл туралы баспасөз-хатшысы Анна Нагдалян мәлімдеді. Оның айтуынша, Израиль Әзербайжанға қару тасымалдап келген. Армения Сыртқы істер министрлігі бұл қадамды қатаң сынға алды.

Айта кетейік, Израиль тарапы Әзербайжанға қару-жарақ жеткізетін басты экпорттаушы ел. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Таулы Карабахтағы әскери қақтығыста осы қарулар қолданылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы