428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ әуе компаниялары 32 мың қызметкерін қысқартпақ

  • 130
  • UPD: 14:49, 02.10.2020
АҚШ әуе компаниялары 32 мың қызметкерін қысқартпақ

АҚШ әуе компаниялары коронадағдарысқа байланысты 32 мың қызметкерін қысқартады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаппай жұмыстан шығару American Airlines және United Airlines-қа қатысты болмақ. Пандемия кезінде шығынға батқан компанияларға көмек көрсетуді ұзарту мәселесі қазір Ақ үй мен спикер Нэнси Пелоси қарастырып жатыр. Десе де, соған қарамастан әуе ұйымдары жұмысшылар санын қысқартуға мәжбүр.

Айта кетейік, экономиканы қолдау мақсатында билік әуе компанияларға 25 млрд доллар қаражат бөлген. Тиісінше, жұмыс берушілер жұмыс орындарын сақтап қалу керек болатын. Бірақ бұл бағдарламаның мерзімі 30 қыркүйек күні аяқталды. Сарапшылардың болжамынша, АҚШ әуекомпаниялары биыл 30 млрд доллар көлемінде шығынға батуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы