432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ-ның бес мемлекеті Ресейді ашық мәлімет беруге шақырды

  • 186
  • UPD: 15:17, 02.10.2020
БҰҰ-ның бес мемлекеті Ресейді ашық мәлімет беруге шақырды

БҰҰ-ның бес мемлекеті Ресейді оппозиционер Алексей Навальныйдың улану ісіне қатысты ашық мәліметтер беруге шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өтініш хатты Германия, Франция, Бельгия, Ұлыбритания және Эстония елдері жолдаған. Бұл туралы «Рейтерс» агенттігі мәлімдеді. Хатта сондай-ақ «Новичок» уын қолдану халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіретіні айтылған.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға Орталық барлау басқармасымен ауыз жаласты деген айып тағылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы