429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ Беларуське санкция салады

  • 153
  • UPD: 19:00, 02.10.2020
Еуроодақ Беларуське санкция салады

Еуроодақ Беларусь Республикасына санкция салады. Бұл туралы еуропалық кеңес басшысы Шарль Мишель хабарлады.

Айтуынша, қазір шектеу енгізу тізімінде 40-қа жуық адам бар екен. Алайда олардың арасында Беларусь президенті жоқ. Өз кезегінде Беларусь сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, Еуроодаққа жауап ретінде қарсы шаралар қабылдайтынын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Беларусь еліне Ұлыбритания мен Канада елдері де санкция салған болатын.

Хабар 24 телеарнасы