429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трампқа КВИ жұққаны туралы хабар биржа бағаларын арзандатты

  • 159
  • UPD: 21:02, 02.10.2020
Трампқа КВИ жұққаны туралы хабар биржа бағаларын арзандатты

АҚШ президенті Дональд Трамп пен жұбайының коронавирус жұқтырғаны жайлы хабар әлемдік қор биржаларына кері әсер етті.

Фьючерс индекстері біршама төмендеген. Бұл туралы бірінші болып, Токио биржасы хабарлады. Онда негізгі индекстер шамамен бір процентке түсіпті. Ал НАСДАК ((NASDAQ)) пен ЭС эн ПИ 500 ((S&P 500)) индекстері 2 процентке түскен. Еуропа нарықтары да біршама шығын көрсе керек.

Хабар 24 телеарнасы