428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мадридте локдаун енгізілді

  • 130
  • UPD: 09:32, 03.10.2020
Мадридте локдаун енгізілді

Испания астанасы Мадрид пен оған жақын орналасқан 9 қалада ішінара локдаун енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһар билігі осындай шешім қабылдады. Осылайша билік өкілдері кеңінен етек жайып кеткен коронавирустың жолын бөгемек ниетте. Өйткені Мадрид қаласы қазір бүкіл Еуропа бойынша вирустың ошағы саналып отыр. Испания денсаулық сақтау министрлігі таратқан дерекке сай, қазірдің өзінде Мадрид өңіріндегі ауруханаларда 3 мың 600-ден астам азамат емделіп жатыр екен. Олардың 497-сі интенсивті терапия бөліміне түскен. Бұл елдегі науқастар санының 35 проценті екен. Сондықтан жергілікті билік барлық мекеменің жұмыс уақытын қысқартты. Сонымен қатар көшеде 6 адамнан артық топтасып жүруге тыйым салды. Айта кетейік, бүгінге дейін Испанияда 780 мыңдай коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді. Шамамен 32 кісі қайтыс болды. Бұл – Батыс Еуропадағы ең жоғары көрсеткіш.

Хабар 24 телеарнасы