428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Д.Трамп қызметін жалғастыра береді

  • 166
Д.Трамп қызметін жалғастыра береді

АҚШ президенті Дональд Трамп пен әйелінің денсаулығына алаңдауға негіз жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан мемлекет басшысы қызметін әрі қарай жалғастыра береді. Бұл туралы Ақ үй әкімшілігінің басшысы Марк Медоуз хабарлады. Оның айтуынша, Америка президенті мен бірінші ханым өздерін жақсы сезінеді. Ауру жеңіл өтіп жатыр. Соған қарамастан Дональд Трампты тікұшақпен әскери госпитальға жеткізді деген ақпарат шықты. Себебі түсінікті. Қауіпсіздік шарасы және ол үнемі дәрігерлер бақылауында болады. Марк Медоуз сақтық мақсатында Ақ үй қызметкерлерінің бәрі тексеруден өткенін айтты. Тіпті олардың арасында да қауіпті вирус жұқтырғандардың болуы мүмкін екенін жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы