432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңазеландиялықтар Австралияға сапарлай алады

  • 106
  • UPD: 09:35, 03.10.2020
Жаңазеландиялықтар Австралияға сапарлай алады Газета.Ру

16 қазаннан бастап Жаңа Зеландия халқы Австралияның бірқатар өңіріне сапарлай алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда, Жаңазеландиялық жиһанкездерге Жаңа оңтүстік Уэльс пен Солтүстік территория аймақтарына баруға мүмкіндік берілмек. Бұл туралы елдің вице-премьері мәлімдеді. Оның айтуынша, Жаңа Зеландиядан келетін азаматтардан төнер қауіп өте төмен. Өйткені аталған елде қазір вирус ошағы жоқ. Соңғы рет вирус жұқтыру дерегі тек тамыздың 21-інде ғана тіркеліпті. Ал Австралияның Солтүстік территориясында екі айдан бері бірде-бір науқас анықталмаған. Жаңа оңтүстік Уэльсте болса, өткен аптадан бері ешқандай вирус жұқтыру дерегі тіркелмеген.

Айта кетейік, аталған елдер коронавирустың таралуына байланысты шекараларын жапқан болатын. Бүгінге дейін Жаңа Зеландияда 2 мыңға жуық адам вирус жұқтырып, 25-і қаза тапса, Австралия елінде 27 мыңнан астам кісіден инфекция табылған. 900-ге жуық азамат қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы