428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парижде спортзалдар мен фитнес орталықтары жабылды

  • 117
  • UPD: 09:39, 03.10.2020
Парижде спортзалдар мен фитнес орталықтары жабылды

Парижде індеттің өршуіне байланысты спортзалдар мен фитнес орталықтарын жапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биліктің бұл шешімі спорт саласы қызметкерлерінің наразылығын тудырды. Санитарлық шектеулерге қарамастан олар Париж көшелеріне шығып, наразылық шеру ұйымдастырды.

Екі айға созылған карантиннен кейін жергілікті спорт залдарға баратын адамдардың саны 30-50% азайды. Ал енді қайта жабылуы бүкіл саланың құруына әкеп соғады дейді шерушілер. Қазіргі кезде жергілікті биіліктің бұл үкімі бойынша сот дауы өтіп жатыр. Жалпы ел бойынша сот осындай шешімдерді өзгерткен жағдайлар болған. Ресми мәлімет бойынша, спорт орталықтарында вирустың жаппай таралуы тіркелген жоқ. Бүкілі санитарлық ережелерді бұлжытпай орындайды. Бетперде тағып, арақашықтық сақталады. Үкімет шектеу мерзімі кезінде спорт саласына қаржылық қолдау көрсетуге уәде берді. Алайда спортклуб иелері мен жаттықтырушылар субсидияның орнына жұмыс істеуге мүмкіндік беруді талап етіп отыр.

Гийом Ле Флок, шараны ұйымдастырушы:

– Осы салада істейтін адамдардың басым бөлігіне қауіп төніп тұр. Бүгін барынша шулап, наразылығымызды білдіреміз. Үкімет көмек бермесе, бірнеше айда Франция спортклубтардың 30-40% айырылуы мүмкін.

Тони Жаминье, Le Five спорт орталықтар тобының құрылтайшысы:

– Негізсіз жабайын деп тұр. Мини-футбол жаттығуларына бір миллионға жуық адам қатысқан болатын. Алайда жергілікті денсаулық сақтау агенттігі ауру жұқтырған бірде-бір жан туралы хабарлаған жоқ. Бізде ешбір індет ошағы анықталмады. Билік спорт жаттығуларын жастардың той-томалақтарымен шатастырып отыр-ау деймін.

Хабар 24 телеарнасы