428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таулы Карабах Әзербайжанның 3 мың әскериінен айырылғанын хабарлады

  • 316
  • UPD: 13:50, 03.10.2020
Таулы Карабах Әзербайжанның 3 мың әскериінен айырылғанын хабарлады

Таулы Карабахта ұрыстар жалғасуда. Армения Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, қазір жаяу әскер қатысқан қақтығыс аз, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар көбіне бір-біріне зеңбірек және дрондармен соққы жасауда. Әзербайжан күштері Таулы Карабахтың орталығы Степанакерт қаласын зымыранмен атқылаған. Қаза тапқандар туралы ақпар жоқ. Таулы Карабах Әзербайжан күштері осы уақытқа дейін 3 мың әскериінен айырылғанын хабарлады. Бірақ ресми Баку керісінше армян күштеріне күшті соққы беріп, дұшпанның жүздеген ауыр техникасын талқандағанын айтады. Бірқатар мекенді бақылауға алған.

Еске сала кетейік, Таулы Карабахта қарулы қақтығыстың жалғасқанына – жетінші күн. Құрбандар санына қатысты нақты ақпарат жоқ.

Хабар 24 телеарнасы