428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парагвайда орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды

  • 135
  • UPD: 13:50, 03.10.2020
Парагвайда орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды

Парагвайдың солтүстігінде Чако аймағындағы орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде 5 мыңнан аса өрт ошағы тіркелген. Аймақта тілсіз жаумен ондаған бригада күресіп жатыр. Жалынды сөндіруге ұшақтар қолданыла бастады. Мамандар өртті сөндіруге жел кедергі келтіріп жатқанын айтады. Ал ауа райын болжаушылар келесі аптаның ортасына таман Чако өңірінде жауын жауып, жалынды өшіруге көмектесуі керек деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы